Ғалымдар сынған сүйекті жалғайтын желім ойлап тапты

Фотография - Ғалымдар сынған сүйекті жалғайтын желім ойлап тапты

Швеция ғалымдары сынған сүйектерді жалғайтын ерекше желім жасап шығарды.

428 0

Швеция ғалымдары сынған сүйектерді жалғайтын ерекше желім жасап шығарды. 14 жыл бойы зерттеу жұмыстары арқасында мамандар ғылым саласындағы үлкен жетістікке жетіп отыр.

Жергілікті технологиялық институт ғалымдары медицина саласында осы желім үлкен сұранысқа ие болатынына кәміл сенеді. Енді хирургиялық операция кезінде дәрігерлер науқастарға осы желімді қолдана алады. Желім аяқ-қол, тіпті, бел омыртқасы зақымданғанда да көмектеседі. Аталмыш сұйықтық адам ағзасына тез сіңіп, сүйекпен қалыптасып кетеді екен. Алайда, сынған сүйектерді орнына келтіру үшін қосымша темір пластина да қажет.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!