Тезектен тұрғызылған туынды

Фотография - Тезектен тұрғызылған туынды

Мұздан, саз-балшықтан, құмнан жасалған мүсіндерді естуіміз де, көруіміз де бар

248 0

Мұздан, саз-балшықтан, құмнан жасалған мүсіндерді естуіміз де, көруіміз де бар. Алайда, мал тезегінен тұрғызылған туындылардың болатынын кім біліпті?! Қазақтың ауылдарында кейде отын ретінде пайдаланылатын ірің қара малдың қиын якуттар мәдени бағытта да қолданады екен.

Осылайша, табалдырықтан аттаған жылан жылының құрметіне Якутияда сиыр тезегінен жасалған үлкен жылан мүсіні бой көтерді. Туынды авторы Михаил Боппосов есімді қолөнер шебері. Айтуынша, жұмысты соңына дейін жеткізуге 400 келі қи жұмсалған. Ал, оның биіктігі 2 метрді құрап отыр.

Автордың өзі болса журналистермен тілдесуден бас тартыпты. Өйткені, ол өз мүсінін керемет туынды деп есептемейді және көктем шыға тезектің жұмсарып, бұзылатындығын айтуда. Дегенмен, көктемге дейін Якутияның өзге де аймақтарында дәл осыған ұқсас мүсіндер пайда болмақ.

Айта кетейік, Якутия халқы үшін сиыр малының тезегі өте құнды болып есептеледі. Оны қысқы отын ретінде де, үй қабырғасын сылайтын кезде де пайдаланады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!