IХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 54 медальді қазақстандық оқушылар иеленді

Фотография - IХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 54 медальді қазақстандық оқушылар иеленді

Бүгін Алматыда математика, физика және информатикадан  IХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

154 0

Бүгін Алматыда математика, физика және информатикадан  IХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары анықталды.

Онда 13 елден келген 348 оқушы 32 алтын, 57 күміс, 79 қола жүлдені өзара сарапқа салған болатын. Аса тартысты өткен сайыста қазақстандықтар - 4 алтын, 21 күміс, 29 қола жүлдені өз қоржындарына салды. Ең үздік мамандандырылған мектептер арасында       командалық есептегі Бас жүлдені Мәскеу қаласындағы мамандандырылған оқыту-ғылыми орталығы жеңіп алды. Грузияның №199 Тбилиси физика-матеиматика мектебі бірінші, Болгарияның София қаласындағы High school of Mathematics пен Тәжікстанның Душанбе қаласындағы Turkish Haji Kemal High School командалары екінші орны алды. Алматыдағы О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты, Украинаның Киев қаласындағы  Т.Шевченко атындағы физика-математика лицейі мен Ресейдің Владивосток қаласындағы федералдық университет жанындағы оқу орталығы үшінші орынды өзара бөлісті.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!