Қазақстан жүрекке ота жасаудан әлемнің үздік ондығына енеді

Фотография - Қазақстан жүрекке ота жасаудан әлемнің үздік ондығына енеді

Осыдан 3-4 жыл бұрын қазақстандықтар аурудың 20 түрі бойынша шетелдерде емделетін болған

151 0

Осыдан 3-4 жыл бұрын қазақстандықтар аурудың 20 түрі бойынша шетелдерде емделетін болған. Кейінгі жылдары жоғары биліктің денсаулық сақтау саласына пәрменді көмек көрсетуінің арқасында еліміздің емдеу мекемелеріне медициналық қымбат қондырғылар орнатылып, жасақ-жабдықтар сатып алынды. Дәрігерлер біліктілігі жетілдірілді. Соның арқасында енді бұрын мүмкін болмаған бірқатар кеселдерді өзімізде-ақ сылып тастайтын дәрежеге жеттік. Қазір сырт жерлерге аурудың 8 түрлі бойынша ғана жолдама беріледі, деді бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында.

«Бүгінде шетелдерде ота жасату үшін 160 адамға жолдама берілген. Олардың 80 пайызы ағза алмастыру кезегінде тұр. Өйткені, елімізде ағза транспланттау мәселесі толық шешілген жоқ. Әйтпес, біздің хирургтер өзге елдің хирургтерінен еш осал емес»,– деді вице-министр.

Егер осыдан 3-4 жыл бұрын Қазақстанда жүрекке 80-90 ота жасалатын болса, бүгін жүрекке 30 мың ота жасалады екен. Ерік Байжүнісовтің айтуынша, әлемде жүрекке ота жасайтын 20 мемлекет қана бар көрінеді. Қазақстан соның үздік ондығында тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!