Күн энергиясын өндіретін серіктестік

Фотография - Күн энергиясын өндіретін серіктестік

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

172 0

Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл шаруашылығымен айналысатын «Журавлевка-1» ЖШС күн энергиясын өндіруді қолға алды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Журавлевка-1» ЖШС үшін жобаны Көкшетау қаласындағы «Полисет» ЖШС іске асырған. Олар қондырғыларды өздері әкеліп, орнатуды күзде бастаған, қазіргі кезде жүйе іске қосылды. Әзірше тек әкімшілік ғимаратқа ғана жылу беріп тұр. «Отынның бағасы жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл салаға инвестиция салу өте тиімді болып табылады. Келешекте біз осындай күн батареяларын тікелей өндірісте пайдалануды жоспарлап отырмыз» - дейді атқарушы директор Сергей Ковбаса.

Бұл жүйе күн коллекторынан, суға арналған бактан, су айдайтын сорғыштан және әр желідегі судың қызуын бақылап отыратын датчиктерден тұрады. Оның жұмыс істеу әдісі мынадай: күн энергиясы коллекторға түсіп, ондағы қатпайтын сұйықтық антифризды ысытады, ол өз кезегінде бактағы суды жылытып, жылыған су ғимараттың жылу жүйесіне жіберіледі. Мұндай жылу көзінің тиімділігі бірден көзге түсіп тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!