Қазақстанда тұңғыш рет физикадан халықаралық олимпиада өтеді

Фотография - Қазақстанда тұңғыш рет физикадан халықаралық олимпиада өтеді

Физикадан оқушылар арасындағы халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанға 2014 жылы 45-ші олимпиаданы өткізуге ұсыныс жасады

159 0

Физикадан оқушылар арасындағы халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанға 2014 жылы 45-ші олимпиаданы өткізуге ұсыныс жасады.

1967 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып тұратын  бұл шара бұған дейін Орталық Азия аумағындағы бірде-бір елде болмаған. Кеңестік республикалар арасында тек 1970, 1979 жылдары  Мәскеуде, ал былтыр  Эстонияның Таллин мен Тарту қалаларында өткен.  Онда қазақстандықтар арасынан  Илья Вилковцкий алтын, Қайсарбек Өмірзақов, Нұржас Айдынов, Мусса Ражамов - күміс, Иван Сенюшкин қола жүлде олжалаған еді.

«Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Шолпан Қирабаеваның айтуынша, Қазақстан қазіргі таңда  халықаралық олимпиадаларды өткізуде біршама мол  тәжірибе жинақтады. Мәселен 2002 жылы химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасын, 2003 жылы Балтия және ТМД елдері түлектері арасында орыс тілінен Халықаралық олимпиаданы, 2006 жылы физикадан VII Азиялық олимпиаданы, 2009 жылы  информатикадан I Еуразиялық олимпиаданы, 2010 жылы  математикадан Халықаралық олимпиаданы, 2012 жылы химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасын өткізді.  Бұдан бөлек дәстүрлі түрде  2004 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетінен шетелдегі қазақ диаспорасы балаларына арналған «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты Халықаралық олимпиадасын,   2005 жылдан бері  математика, физика және информатикадан Халықаралық Жәутіков олимпиадасын,  «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық оқушылар конференциясын,  2006 жылдан бері «Астана-Мерей» жас орындаушылардың халықаралық байқауын, информатикадан Еуразиялық олимпиаданы, механика және математикадан Ө.Жолдасбеков атындағы халықаралық зерттеулік жобалар байқауын ұйымдастырып келе жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!