Google-дың жылдық табысы рекордтық деңгейге жетті

Фотография - Google-дың жылдық табысы рекордтық деңгейге жетті

Google корпорациясының жылдық табысы компания құрылғаннан бері алғаш рет 50 млрд долларға жетті

242 0

Google корпорациясының жылдық табысы компания құрылғаннан бері алғаш рет 50 млрд долларға жетті, деп жазады Лента.Ру.

22 қаңтарда Agence France-Presse агенттігі корпорацияның тоқсандық есебіне сілтеме жасай отырып, олардың табысы 50,2 млрд долларға жеткенін және оның 2011 жылға қарағанда 32% артық екенін хабарлады.

Google-дың соңғы тоқсандағы табысы 2,89 млрд долларды құрапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% жоғары.

Компанияның жылдық табысы 2011 жылға қарағанда 10% көбейіп, 10,7 млрд долларға жетті.

Google-дың табысы жөніндегі есеп жарыққа шыққаннан кейін компанияның акцияларының құны 3,5% артып, 730,03 долларға бағаланды.

Компанияның қаржылық көрсеткішінің жоғарылауы АҚШ-тың мобильдік және интернет-жарнама нарығы белсенділігінің артуымен тұспа тұс келіп отыр. Google бұл нарықтағы жалпы табыстың 41% иеленеді. Осыған байланысты есепте келтірілген мәліметтер сапаршылардың болжамынан асып түсті, деп жазады Bloomberg.

2012 жылдың мамыр айында корпорация Motorola Mobility компаниясын 12,5 млрд долларға сатып алған.

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!