Кангнам университетінде Қазақстантану орталығы қызмет жасап жатыр

Фотография - Кангнам университетінде Қазақстантану орталығы қызмет жасап жатыр

Кангнам университетінде Қазақстантану орталығы қызмет жасап жатыр

203 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті орта мектептерге көптілді педагог мамандарын даярлау үшін биылдан бастап педагогикалық мамандықтарды кезең-кезеңімен көптілді оқыту бағдарламасына көшіруді жоспарлап отыр.

2012-2013 оқу жылынан бастап бакалавриаттың информатика, математика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету  мамандықтарында көптілді білім беру бағдарламасына сәйкес оқу үдерісі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілуде. Жоғары оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы оқу жылында көптілді білім беру бағдарламасын Кореяның Кангнам университетінің профессоры, доктор Ким Фил Янг, Румыния Республикасы МАГАТЭ Вена, бюджет, қаржы салымдар бойынша бөлімінің машықтанушысы Аурамария Танасэ және тағы басқа  профессор-оқытушылар жүргізуде.

«Екі ел арасындағы әріптестік байланыс өте жоғары деңгейде орнаған. Кангнам университетінде Қазақстантану орталығы қызмет жасап жатыр. Бұл оқу жылында мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті аударма ісі кафедрасының студенттеріне корей тілін үйрететін боламын. Студенттер ағылшын тілін жақсы меңгерген. Сол себепті мен корей тілін ағылшын тілі негізінде үйретудемін. Бұл студенттер үшін екі тілді жақсы, сапалы меңгеруге жол ашады», - дейді Кангнам университетінің профессоры Ким Фил Янг. Оның айтуынша, аталмыш оқу ордасына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрену, Қазақстанның мәдениетімен танысу мақсатында Кангнам университетінен 7 студент білім алуға келді. Бұл студенттер Кангнам университетінің дипломымен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дипломын иеленетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!