Ғалымдар инк тайпасынан шыққан қыздың мумиясын зерттеуде

Фотография - Ғалымдар инк тайпасынан шыққан қыздың мумиясын зерттеуде

500 жыл бұрын құрбандыққа шалынған 3 баланың денелерін зерттеу өз нәтижесін беріп отыр. 

142 0

1999 жылы археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған инк тайпасына тиесілі 500 жыл бұрын құрбандыққа шалынған 3 баланың денелерін зерттеу өз нәтижесін беріп отыр. 

500 жыл бұрын құрбандыққа шалынған 14-15 жасар қыз баланың денесі өткен жүзжылдықта алтымыңдық шыңның мұзында жатып, өте жақсы сақталған. Оның жанынан тағы екі құрбанның - жеті жасар ұл мен алты жастағы қыздың мұздатылған денелері табылған.

Ғалымдар дәстүрлі ДНК талдауының орнына ағза жасушаларының ақуызын зерттей келе, сырттай дені сау қыздың құрт ауруына ұқсас бактериалды өкпе ауруына шалдыққан деген байламға келді. Бұндай инфекция мумиядан бірінші рет анықталып отыр.

Ерекше мумия Аргентина мен Чили шекарасында теңіз деңгейінен 6739 метр биіктікте орналасқан Льюльяйльяко (Llullaillaco) вулканының баурайынан табылған.

Қастарынан табылған артефакттар: алтын, күміс, киімдер, тамақ салынған ыдыстыр мен ғылымға белгісіз ақ құстардың қауырсындарынан жасалған ерекше бас киім - балалардың құрбандыққа шалынғанының куәсі.

Тарихшылардың пайымдауынша, инктер балаларды сұлулығына қарап таңдап алған деп отыр, қай заманда да балалар үлкендерге қарағанда таза әрі пәк болып саналып келеді.

Кейінгі зерттеулер нәтижесінде, балалардың құрбандыққа шалынбай тұрып жыл бойы «элиталық» тамақтармен - жүгері тәрізді өсімдіктер, ламаның кептірілген етімен тамақтандырылғаны, ал оған дейін қарапайым шаруа тамақтарын жегендіктері дәлелденіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!