Бомбаның жарылысына шыдайтын пойыз құрастырылып жатыр

Фотография - Бомбаның жарылысына шыдайтын пойыз құрастырылып жатыр

 Бүгінгі таңда жобаның алғашқы сынақтары да өткізілді.

225 0

Ұлыбритания ғалымдары жарылысқа төтеп бере алатын брондалған вагондарын құрастырып жатыр. Жұмыс арнайы құрылған мемлекеттік бағдарлама аясында Ньюкасл университетінде жүргізілуде. Жобаға 4 миллион еуро қаражат бөлінген.

Инженерлер вагон қаңқасын барынша бекітіп, ал терезелерін соққыдан шағылмайтын пластиктен жасап жатыр. Бүгінгі таңда жобаның алғашқы сынақтары да өткізілді.

Бомбаның күш қуатын жеңілдете алмасақ та, оның салдарын барынша кемітуге тырысамыз. Біздің ойымызша, пойыз жолаушыларды қорғай алатындай болуы қажет. Әрине, қазір қолданыстағы пойыздардың барлығын жаңарту мүмкін емес. Сондықтан пайдаланып жүрген вагондарды арнайы жаңа технология және материалдармен жабдықтауды ұсындық.

Аталмыш шараны қолға алуға 2005 жылы Лондонда болған лаңкестік оқиға түрткі болды. Ол уақытта жанкешті метроны жарып жіберіп, салдарынан 52 адам қаза тапқан еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!