Ислам талабына сай тырнақ лагы ойлап табылды

Фотография - Ислам талабына сай тырнақ лагы ойлап табылды

Ислам талаптарына толық сай келетін тырнақ бояйтын лак ойлап тапты.

132 0

АҚШ-та «Inglot» атты опа-далап жасайтын поляк компаниясы мұсылман қыз-келіншектерге арналған, Ислам талаптарына толық сай келетін тырнақ бояйтын лак ойлап тапты.

Жаңа лактың кәдімгі кең қолданыстағы түрлерінен басты ерекшелігі - тырнақтың астына ауа мен су өткізе алады. Себебі O2M деген атау берілген бұл лактың құрамында су мен ауаны өткізуге мүмкіндік беретін полимер бар көрінеді.

Енді намазхан арулар дәрет кезінде тырнақтарындағы лакты кетіріп әуреге түспейді. Мұның дұрыстығын осы саладағы мұсылман профессоры Мұстафа Омар түсіндіреді. Ол: «Исламда лакқа тыйым салынуының себебі мынада: бұл қоспаның ішінде тырнақтарға мүлде су өткізбейтін заттар бар.  Осыған байланысты Ислам ғалымдары әйелдерге лакты мүлде қолданбауға немесе әр намаздың алдында қырып, сосын қайта жағуға рұқсат берген болатын», - дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!