Мегаполистердің климатты өзгертіп жатыр

Фотография - Мегаполистердің климатты өзгертіп жатыр

Жаңалық Nature Climate Change ғылыми басылымында жарияланды

169 0

Ірі қалалар ауаның орташа жылдық температурасын бір Цельсий градусына дейін жоғарылата алады. Ғалымдардың айтуынша, климаттың өзгеруіне мегаполистердің зор ықпал ететіні әлі толық зерттелмей келеді.

Жаңалық Nature Climate Change ғылыми басылымында жарияланды. Сан-Диего университетінің климатологі Гуаң Чжаң ірі қалалардың өз аумағынан бірнеше мың шақырым қашықтықтағы ауа температурасын да жоғарылата алатынын мәлімдеді. «Мегаполистерден бөлінетін жылудың жалпы атмосфераға әсері орасан. Қаланың барлық нысаны­нан таралатын жоғары температура ауа­ны жылытып жібере алады. Бұған ауа мас­сасының циркуляциясы себеп», – дей­ді ғалым. Үлкен қалалар өндіретін жылу энергиясы әсерінен АҚШ-тың про­вин­циялық аудандары аумағында ор­таша жылдық температура 1 Цельсий гра­ду­сына жоғарылап, Еуропада сонша гра­дусқа төмендеген. Г.Чжаңның ай­туынша, енді бұл ерекшелікті Жер шары кли­матының өзгеруін модельдеу кезінде ес­керген жөн.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!