Office 365 Home Premium енді қолжетімді

Фотография - Office 365 Home Premium енді қолжетімді

ұл жөнінде Қазақстан баспасөз клубы хабарлады

118 0

Бүгін Microsoft корпорациясы Office 365 Home Premium-ның дүние жүзі пайдаланушыларына қолжетімділігі туралы жариялады. Бұл жөнінде Қазақстан баспасөз клубы хабарлады.

«Office 365 Home Premium – іскерлік міндеттер мен отбасылық өмір арасындағы балансты табуға ұмтылған қазіргі заманның адамдарына арналған бұлтты сервис. Жаңа өнім Office-тің соңғы жаңа қосымшалары мен толық жиынтығынан, SkyDrive серверінде мәліметтерді сақтау, Skype қоңырауларын соғу қызметтерінен тұрады және бес құрылғыда (пленшет, компьютерлер мен Mac компьютерлері) жұмыс істей береді», - делінген ақпаратта.

«Бұл Office-тің кезекті нұсқасы ғана емес. Бұл пайдаланушыларға арналған бұлтты сервис түріндегі Office, - деп атап өтті Microsoft корпорациясының басшысы Стив Балмер.- Office 365 Windows 8 және Windows Phone 8 секілді сізге таңдау құқын сыйлайды: сіз қалағаныңызды кез келген уақытта жасай аласыз».

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!