Алматыда алғаш рет «радиожиілік абляция» операциясы жасалды

Фотография - Алматыда алғаш рет «радиожиілік абляция» операциясы жасалды

Алматылық кардиохирургтер бүгін германиялық әріптестерімен бірлесіп, жүрек соғысының жиілігін қалпына келтіруге бағытталған операция жасады

353 0

Алматылық кардиохирургтер бүгін германиялық әріптестерімен бірлесіп, жүрек соғысының жиілігін қалпына келтіруге бағытталған операция жасады.

Мамандардың тілімен айтқанда, «радиожиілік абляциясы» деп аталатын бұл операцияны әлемдік медицина үшін жаңалық деуге келмейді. Еуропа елдерінде бұл әдіс 20 жылдан бері қолданылып келеді. Ал Қазақстанда алғаш рет мұндай операция Астанадағы кардиохирургиялық орталықта жасалған болатын. Бүгін астаналық кардиохирургтер шетелдік мамандармен бірлесіп, осындай операцияны Алматыда жасады.

«Радиожиілік абляция» операциясын жасау үшін дәрігерлер жүректің жұмысын 40-60 минутқа дейін тоқтатып тастайды. Осы уақыт ішінде олар науқасқа адам денесінің басқа бөліктерінен алынған қан тамырларын орнатуы тиіс. Операциядан кейін жүректің соғысы электродтардың көмегімен қалпына келтіріледі.

Данияр АМАНҒАЛИЕВ, Орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері орынбасары:

- Арнайы қондырғының көмегімен біз жоғары жиілікте  ток жібереміз, олар науқастың жүрек соғысын қайта қалпына келтіріп, аритмия жойылады. Бұдан кейін дәрімен емдейміз.

Бүгін қазақстандық кардиохирургтер германиялық әріптестерімен бірге екінші науқасқа операция жасады. 63 жастағы азамат бұған дейін үш рет инфаркт алып, бірнеше жүрек тамырларын ауыстырған операция жасатқан.

Данияр АМАНҒАЛИЕВ, Орталық клиникалық аурухананың бас дәрігері орынбасары:

- Науқастың болашақ өмірі осы операцияның нәтижесіне байланысты. Себебі абеляциямен қатар, біз оның жүрек күре жолындағы тағы бірнеше тамырын ауыстырдық. Операцияның құны өте қымбат. Егер мемлекет қолдауы болмаса, біз мұндай науқастарға көмектесуіміз екіталай еді. Себебі көпшіліктің қалтасы көтере бермейді.

Мемлекеттік бағдарламаның арқасында жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын мұндай операцияларды  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қаржыландырады. Статистикаға жүгінсек, еліміздегі жүрек ауруларына шалдыққан науқастардың басым көпшілігі Алматыда тұрады.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!