Қазақ тарихынан онлайн-ойын жасауға болады

Фотография - Қазақ тарихынан онлайн-ойын жасауға болады

Қазақ тарихындағы соғыстарды компьютер ойынына айналдырып, баланың тарихқа жеген қызығушылығын арттыруға болады.

256 0

Қазақ тарихындағы соғыстарды компьютер ойынына айналдырып, баланың тарихқа жеген қызығушылығын арттыруға болады. Қазақстандық ІТ саласының маманы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне осындай ұсыныспен шығып отыр.

«Бізге өзге елдердегі секілді қазақ тарихының Online-RPG ойынын жасап шығару керек секілді, яғни соғыс ойыны. Ол сонау көне дәуірдегі қазақ даласын мекендеген тайпа-халықтардың барлығын қамтуы тиіс. Ойын бірнеше кезеңнен тұрып, баланы қызықтыра түседі. Менің өзім мектепті 7 жыл бұрын бітіргенмін, тарих пәнін ұнатқан емеспін, мұғалімнің сабақты түсіндіре алмай қиналатыны да әлі есімде. Ал, ойынды дайындап шығарсақ ол бала үшін әдістемелік құрал болар еді: әрі ойнайды, әрі тарихты өзі үшін біліп алады» дейді Сергей есімді азамат.

Сергейдің ақылы ақыл-ақ. Қазір баланы ұрып оқытатын заман емес. Қанша тиым салсаң да компьютер алдынан шығара алмайсың. Ал, ойынның ішіне ұлттармен бірге батырларымызды да енгізсек тіпті жақсы. Сүйікті кейіпкерін іздеп жүріп оқитын болады.

Маманның айтуынша, сапалы ойын жасап шығару үшін қомақты қаражат керек. Мемлекет қолдаса сапалы өнім жасап шығаруға әзірміз дейді ол.

Ал, министрліктегілер болса бұл ұсынысты еліміздің Білім және ғылым немесе Көлік және коммуникациялар министрлігіне жолдауға кеңес беріп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!