Ғалымдар маскүнемдікке қарсы вакцина ойлап тапты

Фотография - Ғалымдар маскүнемдікке қарсы вакцина ойлап тапты

Ғалымдар маскүнемдікке қарсы вакцина ойлап тапты

146 0

Ғалымдар маскүнемдікке қарсы вакцина ойлап тапты.

Ғалымдар вакцинаның 6 айдан 12 айға дейін әсер ететінін айтып отыр. Вакцина егілген адамның ішімдікке аңсары аумайтын көрінеді. Егер татып алатын болса, қатты қиналып, азап шегетінін де жасырмады ғалымдар. Мұның себебі – вакцина ішімдікті қорытатын бауыр ферменттерінің қызметін тоқтатып тастайды.

Вакцинаның әсерін жоятын дәрі-дәрмек жоқ болғандықтан вакцина егілген адам арақ атаулыны аузына алмауы керек. Чилилік ғалымдардың мәлімдеуінше, жуық арада вакцина тышқандарға егіліп, сынақтан өтеді. Ал қараша айында еріктілерге егіп көрмек.

Мұндай ой чилилік ғалымдардың басына Азия тұрғындарының спиртке деген реакциясын зерделегеннен кейін келген. Ғалымдар Азия тұрғындарының ағзасында ішімдіктің уытын қорытатын геннің жоқтығына көз жеткізген. Қытайдың, Кореяның және Жапонияның әрбір бесінші тұрғыны ішімдік іше алмайтын көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!