Шайдай ашық аспан махаббатқа жол ашады

Фотография - Шайдай ашық аспан махаббатқа жол ашады

Шуақты күн романтикалық қатынастарға ықпал етеді. Францияның Оңтүстік Бретань университетінің ғалымдары шайдай ашық күні адамдардың ғашықтық сезімге берілетінін анықтады

214 0

Шуақты күн романтикалық қатынастарға ықпал етеді. Францияның Оңтүстік Бретань университетінің ғалымдары шайдай ашық күні адамдардың ғашықтық сезімге берілетінін анықтады.

Ғалым Николас Геген Күн шуағын төгіп тұрған күні, әсіресе ер адамдардың махаббатта, танысуда жолы болатынын айтады. Ол мұны 20 жастағы жігіт қатысқан тәжірибе жүзінде растады. Сынақ шарты бойынша жігіт ашық және бұлтты күндері көшедегі бейтаныс қыз-келіншектермен танысып, әңгіме өрбі­тіп, олардың байланыс нөмірін алуы керек болды. Зерттеудің нәтижесінде шайдай ашық күні әлеуметтің мінез-құлқы бұлыңғыр күндерге қарағанда, жағымды түрде өзгеретіні дәлелденді. Күн шығып тұрған күні қыз-келіншектер танысуға кетәрі болмай, сауалнамаға белсенді қатысқан. Н.Гегеннің есеп­теуін­ше, шуақты күні сынақ жүргізген жігіт респонденттердің телефон нө­міріне бұлтты күндегіден 9%-ға көп ие болған


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!