Отандық зерттеушілер экологиялық қозғалтқыш ойлап тапты

Фотография - Отандық зерттеушілер экологиялық қозғалтқыш ойлап тапты

 Қозғалтқыштың басты жетістігі атмосфераға түсетін зиянды заттардың 30%-ға төмендеуі мен отынның 15%-ға үнемделуі

417 0

Отандық зерттеушілер экологиялық қозғалтқыш ойлап тапты. Қозғалтқыштың басты жетістігі атмосфераға түсетін зиянды заттардың 30%-ға төмендеуі мен отынның 15%-ға үнемделуі.

Ғалымдар экологиялық қозғалтқышты патенттеді, бірақ одан әрі ешқандай әрекет жасалған жоқ. Зерттеуші Роман Качканян 30 жылдай осы өнертабысты жасау идеясымен жүрді. Енді ойлап тапты, бірақ бұл жаңа зат әлі күнге дейін сыналған жоқ. Сынақтар тек зертханада өтті.

Бұл өнертабысты жасап, сынау үшін оның өнеркәсіптік үлгісін жасау керек. Ал үлгіні жасауға 50 млн теңге қажет. Зерттеушілердің өтініштері қарастырылуда, дегенмен жобаның кем дегенде бір жарым-екі жыл іске аспайтын түрі бар.

«Жаңа қозғалтқыш газ, жанармай және дизель отынында жұмыс істей береді. Бірақ, адам ағзасына зиянды заттарды бөлмейді», - деді ғалым Виктор Бондаренко.

Қазақстан ауаға зиянды заттар бөлуден дүние жүзінде алдыңғы қатарда келе жатыр. Біздің ел бұл көрсеткіш бойынша Ресей, АҚШ және Германиядан асып түседі.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!