Бүгін Байқоңырдан ғарыштық мақсаттағы «Союз–2.1а» зымыраны ұшырылады

Фотография - Бүгін Байқоңырдан ғарыштық мақсаттағы «Союз–2.1а» зымыраны ұшырылады

Бұл жөнінде Роскосмос сайтында хабарланған

303 0

«Фрегат» екпінді блогы және «Глобалстар – 2» төмен орбиталы байланыстың алты ғарыштық аппараты (ҒА) бар «Союз – 2.1а» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшыру 5 ақпанға белгіленген. Бұл жөнінде Роскосмос сайтында хабарланған.

«Байқоңыр ғарыш айлағының 31 алаңындағы ұшу кешенінде ұшу алдындағы дайындық кестесіне сәйкес «Глобалстар – 2» ғарыштық аппараттарының блоктары (ҒА) бар «Союз – 2.1а» ғарыштық мақсаттағы зымыранын (ҒМЗ) ұшыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Күні кеше, 3 ақпанда Роскосмос мамандарының есебі бойынша «Фрегат» екпінді блогының ұшуға дайындығы, «Союз–2.1а» ҒМЗ-ның ұшуы және басты блоктың бөлінуіне дейінгі дайындықтар орындалған болатын. 

 

bnews.kz cайтынан


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!