Жуынбайтын адам көп ауырмайды

Фотография - Жуынбайтын адам көп ауырмайды

Елордалық косметолог Лара Румиян пациенттеріне көп жуынбауға кеңес береді.

291 0

Елордалық косметолог Лара Румиян пациенттеріне көп жуынбауға кеңес береді. Ал сусабынды (шампунь) мүлдем қолданбау керектігін ескерткен.Терінің бұзылуы, тіпті тері ауруларының таралуының көп себептерінің бірі жиі жуынудан дейді косметолог.

«Адамның терісі өздігінен зарарсызданып тұрады. Ал адам көп жуынған сайын терінің осы қасиеті азайып, иммунитеті әлсірейді»,– дейді Румиян.

Лара Румиянның ұстанатын діні ел-жұртта жоқ– джайнизм. Олардың дінге ерекше берілгендері құрт-құмырсқаны өлтіріп алудан сақтанып жер өңдеу жұмыстарымен де айналыспайды екен. Енді біреулері тірі ағзаға ұқсайды деп қызанақ жемейтін көрінеді. Кейбір джайнистер микробтарды өлтіріп алмас үшін жуынбайды. Косметологтың өзі гигиенаға қарсы емес, бірақ бүгінгі қолданыстағы тұрмыстық химияға қарсы.

«Күн сайын жуынуға болады, – дейді Румиян. – Бірақ ешқандай хлорланған су мен сабын қолданбау керек. Бәрінен де сорақысы – сусабын. Сусабындардың бәрінің құрамында лаурил сульфат бар. Ол мұнай өнімдерін өңдеуден алынатын зат. Тері арқылы ол қанға сіңіп, басқа заттармен араласып канцерогендерді қалыптастырады».

Шыны сол, косметологтың пікірін Дьюк университетінің америкалық бір топ ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижесі де растап отыр. Олар жерасты мен қоқыс арасында жүретін егеуқұйрықтар мен тышқандардың иммунитеті зерттханалық таза бөлмелерде өмір сүретін егеуқұйрықтар мен тышқандарға қарағанда анағұрлым мықты екенін анықтаған. Профессор Уильям Паркер дамыған елдерде адамдардың шамадан тыс жуынуы аллергияға, аутоиммундық ауруларға, соның ішінде ревматикалық артритке ұшырауының басты себебінің бірі. Ал Африка елдерінде адамдар мұндай атаулы аурулармен мүлдем ауырмайды екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!