Бизнесмен Астанадан Алматыға дирижабль көлігімен қатынауды ұсынып отыр

Фотография - Бизнесмен Астанадан Алматыға дирижабль көлігімен қатынауды ұсынып отыр

Астаналық кәсіпкер Герман Дубинцев дирижабль өндірісін жолға қоюға ниеттеніп отыр.

281 0

Астаналық кәсіпкер Герман Дубинцев дирижабль өндірісін жолға қоюға ниеттеніп отыр.

Бизнесмен Қазақстанда алғаш рет дирижабль жасап шығарып, Астана мен Алматы арасын осы көлік түрімен жалғауға құлшынып отыр. Оның айтуынша, бұндай көлік сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жылжи алады екен. Ондай болса ол пойыздың басты бәсекелесі бола алады. Дубинцев бұл идеясын биылғы жылдың өзінде-ақ жүзеге асыруға дайын отырғанын айтады. «ЭКСПО-2017» -ге дейін бірнеше бағыт желісін ұйымдастыруды жоспарлап қойған көрінеді. Оның үстіне жоба көрменің экологиялық бағытына сай келеді деседі.

«Былайғы жұрт үшін дирижабль әшейін әуеде қалықтап жүретін шар ғана. Шындығында көліктің бұндай түрін өндіру және іске жарату «жасыл» экономиканы дамытуға үлкен мүмкіндіктер бермекші. Мәселен, дирижабль өндірісі әлемде баламалы энергияны пайдалану бағытында дамуда. Қазірдің өзінде сыртқы жабын ретінде тек газды ұстап қана тұрмайтын, сонымен бірге күн энергиясын сіңіретін батареялар ретінде қызмет ететін арнайы материалдар әзірленуде», - дейді  кәсіпкер.

Сондай-ақ, бизнесмен: «Циолковскидің айтқаны бар ғой «Дирижабль алтыннан жасалса да, ол өзін өзі ақтайды » деп. Ойлап қарасаңыз Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат ғарышқа сол Циолковскидің ілімі арқасында самғауда. Бір қызығы ол тамсанған көлік түрі әлі қолданылмайды», - дейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!