«Магнит әйел» рекорд жаңартпақ

Фотография - «Магнит әйел» рекорд жаңартпақ

«Магнит адам» атымен танымал оралдық Қарлығаш Нығметова рекорд жаңартуды көздеп отыр.

450 0

«Магнит адам» атымен танымал оралдық Қарлығаш Нығметова рекорд жаңартуды көздеп отыр.

Азаматша денесіне металл бұйымдарын жапсырып, Қазақстанның рекордтар кітабына енген болатын. Бұған дейін ол 8 келі темірді денесіне жабыстырып көтерген болатын. Ал қазір металдың салмағына емес, оны қанша уақыт ұстап тұра алатындығын байқап көрмек.

Ол денесіне металл бұйымдардың жабысатынын бертін келе байқаған. Осыдан 20 жыл бұрын, яғни тұңғыш қызын дүниеге әкелгеннен кейін тұла бойында бір өзгерістің болғанын сезінген. Кейін Бәтима Жанқатова есімді сынықшыға көрініп, ерекше қабілетке ие екендігіне көз жеткізеді.

Дәрігерлер маған мойын-кеуде және бел остеохандрозы деген диагноз қойғаннан кейін, емшіге бардым. Бірақ ол кісіге де сене алған жоқпын. «Не болды?» деп өзіме-өзім сұрақ қойып, іздендім. Сол бағытта магнетизмді кітаптан оқып, Мәскеуге оқуға барып келдім.

Міне, Қарлығаш Тілеуғалиқызы сол кезден бері ізденіс үстінде келеді. Қазір ол бойындағы магниттік биоэнергияны өзгелердің денесіне уақытша дарыта алатын деңгейге жеткен.

Қарлығаш апай үстіме қолын тигізбей биоэнергиясын жіберді. Сол кезде өзімді басқа бір леп келгендей сезіндім. Қасықты жапсырған кезде, темірді магнитке жапсырғанда қандай тартылыс күші болады, денемде де дәл сондай күш пайда болды.

«Магнит әйел» 2001 жылы Гиннестің рекордтар кітабына кіруге талаптанып көріпті. Алайда Лондоннан жауап келмеген. Қазір Гиннес рекорды – 17 қасық жапсырған канадалықтың еншісінде.

Мені желтоқсанда «Аймақтар аламаны» жобасына шақырғаннан кейін бардым. Мен денеме 4 үтік жапсырдым, соны көрсеттім. Сонымен қатар 30 қасықпен шықтым. Көмекші қыздардың денесіне де жапсырдым. Бұған сенбейтін кісілер болды, сол кісілерге де жапсырып көрсеттім. Көрермендер өз көздерімен көріп, мені жақсы қарсы алды.

Енді Қарлығаш Нығыметова тағы бір рекорд жасауға бел буып отыр. Бұл жолы үстіне ілінген металды қанша уақыт ұстап тұра алатындығын дәлелдемек. Өйткені қазірге мұндай рекордтты бұған дейін әлі ешкім жасап көрмеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!