Мысықтардың «токсоплазмоз» атты қауіпті дертті тарататыны белгілі болды

Фотография - Мысықтардың «токсоплазмоз» атты қауіпті дертті тарататыны белгілі болды

Бұл жануар «токсоплазмоз» атты қауіпті дертті тарататын көрінеді.

191 0

Мысық асырайтындар үшін маңызды ақпарат. Бұл жануар «токсоплазмоз» атты қауіпті дертті тарататын көрінеді.

Бүгінде елдің ветеринар мамандары осынау дерттің дендегенін айтып, дабыл қағуда. Айтуларынша, бұл дерт, әсіресе, жүкті әйелдер үшін қауіпті. Толығырақ тілшіміз Бақтияр Хамиттың бейнематериалында.

Дамеля қуыршақтан осы мысығын артық көреді. Ол үшін сүйікті жануарын ойнатып, ас-суын беруден асқан сүйікті іс жоқ. Тіптен, кішкентай қыз оны ағасындай көретінін айтады.

Ветеринар мамандар болса, хайуанмен мұншалықты жақындасуды құптамайды. Айтуларынша, мысықтан келетін кесел - токсоплазмозға адамдардың шалдығуы соңғы жылдары жиілеген. Әсіресе, ол жүкті әйелдер үшін қауіпті. Ауру қоздырғышы ауа арқылы болашақ ана жатырына жетіп, ішке біткен ұрықты қорек қылатын көрінеді.

Екіқабат әйелдерді қалалық СЭС-те қандарын токсоплазмоз ауруына тексеріп тұрады. Сол бір тексергенде бір әйелді оң нәтиже көрсеткен. Сөйлескен кезде жаңағы үшінші баласына да түсік тастағанын айтты. Сосын оның үйіндегі мысықты тексерген уақытта да, оң нәтиже көрсеткен.

Ауру асқынса, осындай ауыр зардаптарға әкелетінін дәрігерлер де растап отыр.

Ауруға жүктілігі кезінде шалдыққан әйел түсік тастауынан бұрын, болашақта бала көтермеуі ықтимал. Туған күннің өзінде, бала дүниеге кем болып келуі мүмкін.

Әзірге, токсоплазмоздың қанша адамға тырнақ салып, қанша өмірді зақымдағаны жайында нақты ақпар жоқ. Өлі немесе кемтар болып туған нәрестелерді де зерттеді дегенді естіген емеспіз.

Бұл мәселеде ветеринарлар хайуанды уақытылы тексерістен өткізіп тұруды қатаң ескертеді. Қылығы тәтті мысығыңыз тұқымыңызды тұздай құртпасын демесеңіз, олардың ақылына құлақ асыңыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!