Мидың қыртысында «қылмыс» бар

Фотография - Мидың қыртысында «қылмыс» бар

Ал бұл зерттеу қалай жүзеге асты? 

280 0

Неміс ғалымы Герхард Рот ғаламның назарын аударған жаңалық ашқанын жария етті. Адамның жүйке жүйесін зерттейтін невропотолог адамның ми қыртысының бір бөлігінде қараңғы нүкте барын дәлелдеп шыққан. Мәселе сонда, аталған қараңғы «нүктеде» жауыздық жасырынып жатады екен. Ал бұл зерттеу қалай жүзеге асты? 

Герхард Рот бірнеше жыл қатарынан түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскерлердің миына зерттеу жұмыстарын жүргізген. Рентген суретінің көшірмесін салыстыру арқылы қылмыскерлердің ми құрылысында бір-бірінен айнымай­тын ұқсастықтар бар екендігін анықтаған.

– Біз темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан қылмыскерлерге жауыздық туралы фильмді көрсету арқылы олардың ми толқынын тексеріп отырдық. Алайда экранда зорлық-зомбылық пен кісі өлтіру секілді тағылық, жат әрекеттерді көрсеткенде, олардың миы мен бетәл­пе­тінде ешқандай сезім мен өзгеріс немесе қобалжу әрекеттері байқалған жоқ,–дейді доктор Рот.

Неміс ғалымының ойынша, ми қыртысындағы «жауыз­дық тығылып жатқан жерге» адам басында аурудан пайда болатын ісік немесе жарақаттың еш қатысы жоқ. Бұл адам өмір сүре келе әртүрлі сырқат пен денсаулықтың нашар­лауы­нан кейін пайда болатын жағдайлар.

Ал жастайынан жауыздыққа жақын адамдар Герхард Роттың айтуынша, әртүрлі топқа бөлінеді екен.

Ғалымның тұжрымына қарағанда, бірінші топқа әдетте дені-басы сау, бірақ үйде, қоршаған ортада, боқтап-бұралақтап сөйлейтін, ұрлық-қарлықты қалыпты өмір сүру дағдысы деп ұғатындар кіреді.

Екінші топтағыларды айналаның бәрін қауіп көретін, көңілі жарым, жан-жағына күдікпен қарайтындар құрайды.

– «Бұл адамдардың қауіптілігі мынада: егер олар ашуы терісіне сыймай жарылса, қоғам үшін қауіпті қылмыскерге айналады,– дейді ғалым.–Олар өз денсаулығына зиян келтіруден де тайынбайды».

Ал үшінші топты Гитлер мен Сталин секілді тарихта қаталдықпен аты қалған басшылар құрайды.

Неміс ғалымдары бұл зерттеудің де себебі барын айтады.

– «Біз ақыл-есі бүтін, бірақ дамуы баяу адамдардың қабілетін балабақшадан бастап зерттеуді қолға алмақпыз. Ал қоғам мұндай әлсіз, әлжуаз және жауыздыққа құмар адамдар тобын дұрыс жолға салуы керек, – дейді ғалым.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!