Ш.Уәлиханов еңбегі ағылшын тілінде жарияланады

Фотография - Ш.Уәлиханов еңбегі ағылшын тілінде жарияланады

Алматыда «Мәдени даму институты» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақ мәдениетінің рухани құндылықтарын әлемдік брэнд ретінде таныту» жобасының аясында іс-шара өтті

259 0

Алматыда «Мәдени даму институты» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақ мәдениетінің рухани құндылықтарын әлемдік брэнд ретінде таныту» жобасының аясында іс-шара өтті.

Жоба негізінде Шоқан Уәлихановтың бір томдық таңдамалы шығармаларының жинағы ағылшын тіліне аударылуда. Жинақ жыл соңында Лондон қаласында оқырмандар мен зерттеуші-ғалымдар назарына ұсынылады. Сонымен қатар қазақ мәдениетінің жауһары саналатын «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпостық жыры да ағылшын тіліне тәржімалануда. Мамандардың айтуынша, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» лиро-эпостық жыры адамзат тарихындағы шынайы кейіпкерлердің махаббатын бейнелеген алғашқы туынды, «Тристан мен Изольда», «Ромео мен Джульеттадан» 6 ғасыр бұрын өмірге келген. Сондай-ақ әлем халықтары ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармаларымен де таныс болады. Аталған жобаның барлығы да білікті ғалымдардың қатысуымен, іскер азаматтардың қолдауымен жүзеге асуда.

Сағиятолла СӘРСЕНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егеменді ел болып, елімізді әлемге танытып жатырмыз. Мәдениет, өнер саласынан елімізді танытсақ, үлкен жетістік болады. Сондықтан біз шарамызды бастап отырмыз. Жобаның сапалы болатынына менің күмәнім жоқ. Бұл жобаға білікті де білімді ғалымдар, Шоқанды жақсы білетін, терең зерттеп жүрген азаматтар осы жобаға қатысуда.

Марат СЕМБІ, тарихшы:

- Ағылшын тілі – қазір халықаралық тіл. Ол тілде әлем ғалымының көбісі оқиды, біледі, жазады. Сондықтан біздің аталған жобамыз «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» ағылшын тіліне шығару қажет деп есептеймін. Ғалымдар сөзсіз қызығып оқиды.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!