Ғалымдар кальмарлардың ұшуға бейімділігін дәлелдеді

Фотография - Ғалымдар кальмарлардың ұшуға бейімділігін дәлелдеді

Суреттерде бірнеше басаяқты ұлудың бір түрінің ауада қалықтап жүргені бейнеленген.

201 0

Хоккайдо университетінің зерттеушілер тобы кальмарлардың ұша алатынын мәлімдеп, айғақ дәлелдер ретінде бірнеше фотосуретті ұсынды.

Суреттерде бірнеше басаяқты ұлудың бір түрінің ауада қалықтап жүргені бейнеленген.

Зерттеушілердің  айтуынша, судан секіру үшін кальмарлар мантиялық қуыстарына су толтырып, содан кейін жылдамдықты алу үшін оны лақтырып тастайды, бұл ретте олардың жылдамдығы 11,2 м/с дейін барады - бұл Олимпиада чемпионы Усейн Болттан да тезірек. Жапондық мамандар кальмар бір секіргенде 30 метрге дейінгі қашықтықты еңсере алатынын анықтады.

Олар өздерін ұшып жүрген кальмарларды суретке түсірген алғашқы зерттеушілер екендіктерін айтуда. Ал бұлардың  «Ұшатын мұхиттық кальмарлар» атты диссертациясы өткен сейсенбі күні немістердің ғылыми журналында жарияланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!