Якутиялық ғалымдар әлемде бірінші болып мамонттың миын зерттеуде

Фотография - Якутиялық ғалымдар әлемде бірінші болып мамонттың миын зерттеуде

Саха Республикасының Ғылым академиясының ғалымдары әлемде бірінші болып мамонттың бас миын зерттеуде.

223 0

Саха Республикасының Ғылым академиясының ғалымдары әлемде бірінші болып мамонттың бас миын зерттеуде.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне ғылыми ұйымның жұртшылық және БАҚ-мен байланыс бойынша маманы Лариса Семенова мәлім етті.

Оның айтуынша, мамонттың бас ми құрылымын зерттеу ғалымдарға мамонттардың жүріп-тұруының ерекшеліктерін, мамонттар мен пілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға көмектеседі. Бұған дейін мамонттардың жүріп-тұруы пілдерді зерттеу негізінде қарастырылған еді.

Жұмыс материалы ретінде Якутияда 2010 жылы табылған Юка есімді бала мамонттың миы пайдаланылады. Жануардың сүйегі мәңгілік мұз басып жатқан аймақта болғандықтан осы уақытқа дейін тамаша сақталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!