«Прогресс М-18М» Байқоңырдан халықаралық ғарыш стансасына аттанады

Фотография - «Прогресс М-18М» Байқоңырдан халықаралық ғарыш стансасына аттанады

Байқоңырдан бүгін «Прогресс М-18М» зымыран тасығышы ғарышқа аттанады. Ұшу Астана уақытымен кешкі 20:41-ге жоспарланған

173 0

Байқоңырдан бүгін «Прогресс М-18М» зымыран тасығышы ғарышқа аттанады. Ұшу Астана уақытымен кешкі 20:41-ге жоспарланған. Арада 4 сағат өткенде ол халықаралық ғарыш станциясына жетуі тиіс.

Бұл ұшырылымның жедел жолын сынақтан өткізудің қорытынды кезеңі. Екі бөліктен тұратын зымыран осылайша алты бөліктіге алмастырылып жатыр. Сәтін салса, «Прогресс» модулі Астана уақытымен түнгі 1:40-та халықаралық ғарыш станциясына барып тіркелуі тиіс. Ол, ғарыштағы кешенге 1 жарым тонна жанармай, 420 келі су, ғылыми тәжірибеге қажетті 140 келі жабдық жеткізеді. Ғарышкерлердің саламат саулығына қажетті 180 келі дәрі-дәрмек пен 360 келі азық-түлік тағы бар. Халықаралық кешенге жеткізілетін жүктің жалпы салмағы 2 тонна 638 келі. Зымыранның өз салмағы 7 тонна 300 келі.

Зымыран жерден көтерілген соң шамамен 2 минуттан соң оның алғашқы бөлігі ажырап, Қарағанды облысына құлайды. 40 секундтан соң басындағы қорғаныш бөлініп, сол маңға ол да түспек. 5 минуттан соң зымыранның екінші бөлімі босап, Шығыс Қазақстан немесе Ресейдің Алтай аймағына түсуі керек. Қалған бөліктер кеш ажырап, ғарышта қалмақ.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!