Үш жастағы қыз бала әлемдегі ең кішкентай хафиз атанды

Фотография - Үш жастағы қыз бала әлемдегі ең кішкентай хафиз атанды

Руккайату Фатаху Омар Құранды 8 айдың ішінде толық жаттап алған

305 0

Нигериялық қыз бала Қасиетті Құранды небәрі 3 жасында бастан-аяқ жаттап алып, әлемдегі ең кішкентай хафиз атанды. Руккайату Фатаху Омар Құранды 8 айдың ішінде толық жаттап алған

Өзі «Аллаға сансыз мадақ айтамын» дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Анасы да сондай қарапайым болып шықты. Анасы Саиада Маймуна: «Шынымды айтсам, мен көп сөзге жоқпын. Бірақ осындай мүмкіндік бергені үшін Аллаға шексіз шүкіршілік етемін. Бұл Жаратқанның жарылқауы ғой», – дейді.

Кішкентай қыз атақты ғалым Шейх Дахиру Осман Баучи негізін салған ислами жергілікті мектепте оқыған. Ол сүрелерді таңғы 7-ден кешкі 6-ға дейін жаттаған. Осы себептен ойнауды да доғарған.

Дарынды қыз биыл мектеп табалдырығын да ерте аттағалы отыр. Нигерияда, әдетте, қыздар мектепке 10 жасынан бастап барады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!