Елімізде заманауи зертхана жұмысын бастады

Фотография - Елімізде заманауи зертхана жұмысын бастады

Елімізде заманауи зертхана жұмысына кірісті. Қарағандылықтар енді бір тамшы қан тапсыру арқылы 500-ге жуық сараптама ала алады

282 0

Елімізде заманауи зертхана жұмысына кірісті. Қарағандылықтар енді бір тамшы қан тапсыру арқылы 500-ге жуық сараптама ала алады.

Бұл зертхана халықаралық талаптарға сай. Тәулік бойы қуат көзінен ажырамайды. Арнайы желдеткіш жүйесімен жабдықталған. Заманауи зетрхана жабдықтары елімізде ең алғаш рет Қарағанды облысында пайда болды. Мұндағы медициналық сараптама жасайтын құрылғылар адам анализінің бір тамшы қанынан 500-ге жуық реакцияны саралап шығарады. Медициналық тоңазытқыштарды бактериалар мұражайы деп айтуға болады.Бұл жерде зерттеуге арналған бактерия үлгілері 80 °С температурада сақталады. Ал, сақталу мерзімі шектелмеген. Мамандардың айтуынша, үш тоңазытқышқа бүкіл Қарағанды облысы тұрғындарының генетикалық анализдері сыйып кетеді.

Зертхана роботтандырылған үш кешенмен жабдықталған.Бұл құлтемірлер зертханашылар жұмысын орындаушылар деп аталады. Олар кез келген сараптаманы үзіліссіз жүзеге асыра алады.

Илья АЗИЗОВ, зертхана меңгерушісі:

- Зерханада адамның ағзасында пайда болатын аурулар түрлеріне ертерек диагноз қоюға мүмкіндік беретін тәсілдер бар. Сондықтан зертханаға қойылған бағыттар мен жоспарлар әлдеқайда ауқымды.

Ұжымдық қолданыстағы зертхана денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мамандар бұл жерде тек сараптама жұмыстарын ғана емес, шетелдік ғылыми зертханалармен тәжірибе алмасу мүмкінідігін беретін ауқымды жұмыстар жүргізіп отыр.

Екатерина СЕРБО, қала тұрғыны:

- Ең алдымен көрсетілген қызметтің сапасын айтуға болады. Мұндай зертханалар қала орталығынан алыста болмау керектігін ескерген жөн. Әрине, қызмет көрсетуші мамандардың жылы жүзі де зертханаға әрқашан есік ашықтығын айтып тұрады. Өткізген сараптамалардың қалай жүргізілетіндігін және дайын болған анализдің әр тармағын түсіндіріп береді.

Мұнда халыққа консультативтік диагностикалық қызмет бірнеше бағытпен жүргізіледі. Гормондық және иммундық ахуалына баға беріліп, түрлі жұқпалы ауруларға диагноз қойылады. Ал, жүкті әйелдерді тексеру ақысыз жүрігізіледі.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!