Байқоңырдан «Прогресс М-18М» жүк кемесі ұшырылды

Фотография - Байқоңырдан «Прогресс М-18М» жүк кемесі ұшырылды

деп хабарлайды Росғарыш баспасөз қызметі

150 0

Астана уақыты бойынша сағ 20.41-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-У» ғарыш ракетасы «Прогресс М-18М» жүк кемесін алып ұшты, деп хабарлайды Росғарыш баспасөз қызметі.

12 ақпан күні сағ.02.35-те «Прогресс М-18М» жүк кемесі мен Халықаралық ғарыш стансасы (ХҒС) тоғысты.

Ол ХҒС-ның ұшу режимін қалпында ұстап тұруға және оның бортында ғылыми-қолданбалы зерттеу бағдарламасын жүргізуге қажетті жүкті жеткізген. Жүктің жалпы салмағы 2,5 тоннадан асады.

ХҒС-нда 34/35 ұзақ ұшу экспедициясының экипажы жұмыс істейді. Оның құрамында командир Кевин Форд (НАСА), бортинженер Олег Новицкий, Евгений Тарелкин және Роман Романенко (Роскосмос), Крис Хадфилд (Канада ғарыш агенттігі) мен Томас Машбёрн (НАСА) бар.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!