Музыкамен жастайынан айналысу интеллектіні арттырады

Фотография - Музыкамен жастайынан айналысу интеллектіні арттырады

Монреаль неврология ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері жариялаған мақалада осындай қорытындылар келтірілген

234 0

Музыкамен 7 жасқа дейін айналысу баланың интеллектуальдық қабілеттерін шапшаң дамытуға жәрдемдеседі, деп хабарлады Independent News.

Музыкалық мектептерді бітірген оқушылардың бәрі бірдей кәсіби музыкант болып шықпас, дегенмен олардың ақыл-ой қабілеттерінің балалық шағын аулада ойнаумен өткізген қатарластарынан жоғары болатыны анықталған.

Монреаль неврология ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері жариялаған мақалада осындай қорытындылар келтірілген.

Тестілеу барысында жартысы 7-жасқа дейін, ал екінші жартысы 7 жастан кейін музыка сабақтарына барған 36 кәсіби музыканттардардың миына томография жүргізілген. Олардың бірінші тобында қозғалу дағдылары және қозғалыстарының үйлестірілуі жақсы нәтиже көрсеткен, сондай-ақ бас миының томографиясы да тамаша нәтижелер берген: бұл адамдарда ми жартышарлары арасындағы жүйке байланысының саны жоғары болғаны анықталған.

Тағы бір айта кетерлігі, 7 жастан кейін музыкалық мектепке барған музыканттардың көрсеткіштері музыка сабақтарына мүлдем бармаған адамдардікінен көп өзгермеген болып шықты.  


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!