Индонезияда үкілердің жаңа түрі табылды

Фотография - Индонезияда үкілердің жаңа түрі табылды

Ерекше құс тек Индонезияның Ломбок аралын ғана мекендейді екен

300 0

Швеция мен АҚШ-тың ғалымдары үкінің жаңа түрі табылғандығын мәлімдеп отыр. Ерекше құс тек Индонезияның Ломбок аралын ғана мекендейді екен.

Жаңа түрге ғалымдар латынша Otus jolandae деген атау берді. Ал, қарапайым тілде оны Ринджани үкісі деп те атайды. Ринджани – аралдағы ең ірі жанартау.

Ринджани үкісінің сыртқы келбеті Моллукс архипелагын мекендейтін үкілерден айырмашылығы жоқ деп айтса да болады: көзі алтын түсті, ақшыл-қоңыр қауырсынды. Алайда, жаңа түрдің дыбысы өзгелерден ерекше, ысқырық тәрізді.

Жалпы, ғалымдар үкілердің арасында дәл осындай түрдің бар екендігін он жыл бұрын-ақ айтқан, бірақ дәлелсіз. Енді міне, жылдар бойы тынымсыз зерттеулердің арқасында бұл жаңалық ресми түрде расталды.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!