Ажырасудан қауіптену ағзаны әлсіретеді

Фотография - Ажырасудан қауіптену ағзаны әлсіретеді

Сүйіктісімен арадағы қатынастың үзілуінен үрейлену адам ағзасының қорғаныш қабілетін төмендетеді.

205 0

Сүйіктісімен арадағы қатынастың үзілуінен үрейлену адам ағзасының қорғаныш қабілетін төмендетеді. Огайо университетінің ғалымдары махаббатпен байланысты күйзелістің адам денсаулығына кері әсер ететінін анықтады.

The Indian Express-тің хабар­лауынша, зерттеушілер 85 жұп ерлі-зайыптының қарым-қатына­сына, ұйқы сапасына, қан-сілекей үлгілеріне қатысты талдау жүргіз­ген. Адамдардағы күйзеліс гор­моны мөлшері мен қорғаныш жасушаларының саны өлшенді. Зерттеудің нәтижесінде сүйіктім тастап кетеді-ау деп қорқып жүрген адамдардың бойында кортизол гормоны деңгейінің орташа мөлшерден 11%-ға жоғары болғаны, ал ағзаны инфекциядан қорғайтын Т-жасушалардың 22%-ға азайғаны белгілі болды. Сол себепті ғалымдар мұндай күйзеліс кезінде иммунитетті жақсартуды естен шығармауға кеңес береді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!