ЖОО студенттері оқытылатын пәндердің 70 пайызын өздері таңдайтын болады

Фотография - ЖОО студенттері оқытылатын пәндердің 70 пайызын өздері таңдайтын болады

2014 жылдан бастап ЖОО студенттері оқытылатын пәндердің 70 пайызын өздері таңдайтын болады

187 0

2014 жылдан бастап ЖОО студенттері оқытылатын пәндердің 70 пайызын таңдау құқығына ие болады.

Бұл туралы бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиында  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов айтты.

«Ескірген не болмаса талап етілмейтін пәндер мен білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды тоқтату шаралары қабылданады. 2014 жылдан бастап-ақ жоғары оқу орындарында пәндерді таңдау компоненттері өзгертіледі. Ендігі уақытта пәндердің 70 пайызын студенттер өз қалауларымен таңдап алса, тек 30 пайызы ғана міндетті болады», - деді ол.

Е.Сүлейменовтің атап өтуінше, бүгінде Қазақстанда 140-тан астам жоғары оқу орны бар әрі олардың үштен екісі жекеменшік білім ошақтары. ЖОО-лардың басым бөліктері заңгер, экономист сынды еңбек нарығында сұранысы төмен мамандықтарды оқытады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!