Қызылордалық өнертапқыш жиналмалы бесік жасап шығарды

Фотография - Қызылордалық өнертапқыш жиналмалы бесік жасап шығарды

Қызылордалық кәсіпкер ойлап тапқан бесік қолдануға өте ыңғайлы.

430 0

Қызылордалық кәсіпкер ойлап тапқан бесік қолдануға өте ыңғайлы. Оны шабаданға мұқият жинап, кез келген жерге апаруға, жолға алып жүруге болады.

Салмағы бар-жоғы 5 келі тартатын бесікті үш баланың әкесі Манарбек Жылгелдиев өзінің егіз ұлдарына арнап 2000 жылы құрастырып шығыпты. Өнертабыс авторы енді оны патенттеп алмақ ойда. Айтуынша, оның бұл өнертабысын облыста қолданып жүргендер аз емес. Бұл туралы Қызылорда облыстық интернет газеті жазады.

"Менің арманым - ағашты кептіріп, оны қалыпқа келтіретін үлкен өндіріс цехын ашу. Еліміздің барлық аймағында осындай бесіктерді көптеп шығарып, кейін шет мемлекеттерге де шығаруды қалаймын", - дейді М.Жылгелдиев. Қазақ ұғымында бесік - сан ғасырлардан бергі ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік.

Қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалық, қазақ атасы жатқан бесікке баласын, немересін, шөбере-шөпшегі мен туажатына дейін бөлейді.


Тегтер:

бесік

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!