Таулы аймақ тұрғындары толық болмайды

Фотография - Таулы аймақ тұрғындары толық болмайды

Адамның салмағы оның теңіз деңгейінен қандай биіктікте өмір сүретініне байланысты. Таулы өңірлер тұрғындарында артық салмақ қаупі төмен болады. АҚШ-тың Мэриленд университетінің ғалымдары осылай деп отыр

203 0

Адамның салмағы оның теңіз деңгейінен қандай биіктікте өмір сүретініне байланысты. Таулы өңірлер тұрғындарында артық салмақ қаупі төмен болады. АҚШ-тың Мэриленд университетінің ғалымдары осылай деп отыр.


The Daily Mail-дің хабарлауынша, Джейсм Уосс бастаған ғалымдар тобы Колорадода тұратын 400 мың адамның мәліметтерін талдаған. Зерттеудің нәтижесінде күтпеген қызық жайт анықталды: тұрғындардың тіршілік ету ортасы 660 футқа (200 м) биіктеген сайын олардың артық салмақтары азая түскен. Мысалы, теңіз деңгейінен үш шақырым биікте өмір сүретін 236 адамның ешқайсысынан семіздік белгісі байқалмады. Олардың арасында спортпен шұғылданатындар көп, ал шылым шегетіндер аз болып шықты. Сонымен бірге Уостың тобы ең төменгі биіктікте өмір сүретін адамдар денесі массасының орташа индексі – 26,6-ға, ал таулы өңірлер тұрғындарының дене массасының орташа индексі 24,2-ге тең екенін анықтады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!