Алматыда «Үздік 100 студент» тізімі жасалады

Фотография - Алматыда «Үздік 100 студент» тізімі жасалады

Алматыда «Үздік 100 студент» тізімі жасалады.

218 0

Алматыда «Үздік 100 студент» тізімі жасалады, деп «Elite рекруттық компаниясының» талдау және қоғаммен байланыс үйлестірушісі Әлия Оразалиева хабарлады.

Алматыда ЖОО түлектері онлайн-байқаудан өтіп еліміздің жетекші компанияларына жұмысқа тұра алады.

«Байқау екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде www.top100student.kz сайтында сауалнаманы толтыру керек, ал екінші кезеңде эссе жазу керек, бұл эссені жетекші компаниялардың үздік HR мамандары бағалайды. Байқау нәтижелері бойынша, оқу кезінде белсенділік танытқан 100 түлектен құралған тізім кітапшасы әзірленеді. Жұмыс орындар саны – 100, ал бәсекелестердің саны 200 000-ға жетеді. Жастар 22 ақпанға дейін өтініш берулері керек», - деді Әлия Оразалиева.

Үйлестірушінің айтуынша, тізім кітапшалары еліміздің жетекші компанияларына таратылады, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына көмектеседі. Ақпарат bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!