Дене жарақатын қантпен емдеуді ұсынады

Фотография - Дене жарақатын қантпен емдеуді ұсынады

Қант адамды ең қауіпті делінетін жарақаттардың өзінен құлан-таза айықтыра алады.

109 0

Қант адамды ең қауіпті делінетін жарақаттардың өзінен құлан-таза айықтыра алады. Ұлыбританияның Уэст-Мидлендс графтығының дәрігерлері дене жарақатын қантпен емдеуді тәжірибеге кеңінен енгізуді ұсынып отыр.

BBC-тің хабарлауынша, ғалымдар қант­тың емдік қасиетін кездейсоқ анық­таған. Оған 62 жастағы Алан Бэйлисс есім­ді азаматтың аяғына жасалған ампу­тация себеп болды. Дәрігерлер пациент­тің оң аяғын кесіп тастағаннан кейін, сол аяғын күретамырдан арылтты. Осы опе­ра­ция сәтсіз шығып, Бэйлистің сол ая­ғын­да жарақат пайда болды. Қол­да­ныл­ған тәсілдердің ешқайсысы нәтиже бер­меді. Ақыры жарақатқа бір құты шекер таңуға тура келді. Ал екі аптадан соң қолданылатын қант мөлшері 4-5 шай қасыққа дейін азайтылды. Бұл әдіс оң нәтиже беріп, пациент жарақатынан түгел айықты. Дәрігерлер кейін қантпен емдеуді 35 адамға қолданып көрді. Олардың айтуынша, қант дененің қанауын жылдам тоқтатып, жараны жазып қана қоймайды, адамның көңіл күйіне де жағымды әсер етеді екен.


Тегтер:

емдеу қантпен

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!