Алкоголь науқас өмірін 18 жылға қысқартады

Фотография - Алкоголь науқас өмірін 18 жылға қысқартады

АҚШ ғалымдары қатерлі ісіктің себебі мен салдарын анықтау үшін жүргізген ауқымды зерттеудің қорытындысын шығарды.

123 0

АҚШ ғалымдары қатерлі ісіктің себебі мен салдарын анықтау үшін жүргізген ауқымды зерттеудің қорытындысын шығарды. Нәтижесінде белгілі болғандай, науқастар көп жағдайда алкогольді жиі пайдаланғаннан көз жұмады екен.

Зерттеуді жүргізген ғалымдардың айтуынша, спирттік ішімдік рак ауруына шалдыққандардың шамамен 18 жыл өмірін жалмайтын көрінеді. Сондай-ақ, сап-сау адамның мезгілсіз өмірден өтуіне де осы алкоголь кінәлі дейді ғалымдар.

«Алкоголь адам ағзасында қатерлі ісікті тудырушы емес, ол рак ауруын қоздырушы. Аты жаман ауруға шалдыққан науқастар алкогольдің өлімге пара-пар екендігін білуі керек және оны пайдаланбағаны жөн» деді Бостон университетінің ғалымы Тимоти Наими.

Зерттеу барысында рак ауруының жеті түрі қарастырылды: ауыз іші, жұтқыншақ, көмей, өңеш, бауыр, тоқ ішек, тік ішек және сүт безі рагы. Мамандар сондай-ақ, тұрғындармен сұрақ-жауап жүргізу арқылы да біраз мәліметтерге қол жеткізген.

Мәселен, қатерлі ісіктен көз жұмған науқастардың 4 пайызы тура мағынасында спирттік ішімдіктердің салдарынан көз жұмған. Ал, тағы 15 пайызының (сүт безі рагымен ауыратындар) өлімін де алкоголь жылдамдатыпты.

Мұның себебін ғалымдар арақ-шарап ДНК жасушаларын зақымдайтынымен түсіндіріп отыр. Айтуларынша, күніне үш бокалдан артық алкоголь ішкен адам өз өмірін қатерге тігеді екен. «Әсіресе, рак дертіне шалдыққандар үшін спирттік ішімдіктің қауіпсіз мөлшері жоқ» дейді Наими.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!