Apple хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады

Фотография - Apple хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады

Apple компаниясы кейбір қызметкерлерінің компьютерлеріне хакерлік шабуыл жасалып, Macintoch компьютерлері зақымданғанын хабарлады

113 0


Apple компаниясы кейбір қызметкерлерінің компьютерлеріне хакерлік шабуыл жасалып, Macintoch компьютерлері зақымданғанын хабарлады. Компания таратқан ақпаратқа қарағанда, шабуыл өткен аптада Facebook желісіне жасалған шабуылға ұқсас. Шабуылдан кейбір компьютерлерге зақым келгенімен, хакерлер қолданушылардың мәліметтерін ала алмаған. Хакерлердің аты-жөндері әзірге белгісіз.

Бұған дейін америкалық ақпарат құралдарында қытай әскерилерінің АҚШ компанияларына хакерлік шабуыл жасап, мәліметтер ұрлау операциясын жүргізіп жатқаны туралы жазылған еді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карнидің мәлімдеуінше, АҚШ Қытай әскерилерімен кездесулер кезінде кибер шабуылдар мәселесін әлденеше рет көтерген.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!