Туристер Марсқа 5 жылдан кейін жетеді

Фотография - Туристер Марсқа 5 жылдан кейін жетеді

Марсқа алғашқы басқарылатын экспедиция 2018 жылғы қаңтарда аттанады.

160 0

Марсқа алғашқы басқарылатын экспедиция 2018 жылғы қаңтарда аттанады.

Ғарыштық турдың ұзақтығы 501 күн болады деп жариялады алғашқы ғарыш турисі және кәсіпкер Деннис Тито Spaceref.com сайтындағы хабарламасында.

Ұшудың басталуы Жер мен Марстың орналасу уақыты миссияның қолайлы кезіне жоспарланып отыр. Ғарыштық турды ұйымдастырумен Inspiration Mars Foundation коммерциялық емес компаниясы айналыспақ. Саяхатқа кім демеушілік жасайды, туристер қандай техникамен аттанады, ұшуға кім қатысады, мұның бәрі 27 ақпанда Вашингтонда өтетін баспасөз мәслихатында белгілі болмақ.

Соңғы бірнеше жыл бойы туристерді  қайда жіберу мәселесі сан-саққа жүгіртіліп, бас ауруына айналды. Әртүрлі биіктіктегі орбиталық ұшуға да, Айға да, тіпті үрілген ғарыштық қонақүйге де жібермекші болды. Невадада коммерциялық ғарыш айлағы да салынды, бірақ та жеке кемелермен әзірге ешкім де ұшқан жоқ. Туристер пайдалана алатын бір ғана мүмкіндік - Халықаралық ғарыш стансасына бару, бірақ ол өте қымбат, сондықтан да ешкімнің көңілі дауаламай отыр.

Еске сала кетейік, 2012 жылғы желтоқсанда Айға бір адамға 1,5 миллиард долларға ұшу ұсынылды. Golden Spike жеке компаниясы бұл сапарға осындай қаржы сұрады. NASA-ның бұрынғы қызметкерлері Айға бірден екі туристі жіберуге әзір екенін жариялады. Ай экспедициясы осы онжылдықтың соңына жоспарланып отыр.


Тегтер:

Марс турист

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!