Қуырылған ас өмірге қауіпті

Фотография - Қуырылған ас өмірге қауіпті

Соңғы уақытта ғалымдардың ашқан жаңалықтарынан тек жаға ұстайтын болдық.

206 0

Соңғы уақытта ғалымдардың ашқан жаңалықтарынан тек жаға ұстайтын болдық. Тіпті, тағам ретінде не жерімізді де білмей қалатын кездер болады. «Денсаулыққан ананы жесек те зиян, мынаны жесек те зиян». Қысқасы, сол ғалымдарымыз күнделікті мәзірден денсаулыққа зиянды тағамдардың кезекті тізімін жасады.

Сиэтл қаласындағы Фред Хатчинсон атындағы зерттеу орталығының мамандарының айтуынша, қуырылған картоп (чипсы), қуырылған тауық еті, ұнға аунатылып қуырылған балық әсіресе, ер азаматтарда қатерлі ісік ауруын туғызуы әбден мүмкін.

The Prostate журналы жариялаған зерттеулер қорытындысында айтылғандай, аталған тағамдарды апта сайын кемі бір реттен жеп отырған адамның рак ауруына шалдығу қаупі 30-37 пайызға артады екен. Ал, егер айына бір реттен жейтін болса қауіп мүлдем төмендейді.

Ғалымдардың зерттеу жұмыстарына 1 549 қуық рагына шалдыққан науқас және 1 492 сау адам қатысқан. Олар 35-74 жас аралығындағы ер азаматтар.

Мамандардың сөзіне сенсек, тағамды қуырған кезде ісік клеткаларын туғызатын зиянды канцерогендер пайда болады. Мұндай зиянды заттар жоғары температурада қуырылған еттің құрамында көп дейді зерттеу тобының жетекшісі Дженет Стэнфорд.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!