Табиғи жолмен дүниеге келмеген сәбилер аллергияға төзімсіз келеді

Фотография - Табиғи жолмен дүниеге келмеген сәбилер аллергияға төзімсіз келеді

 Табиғи жолмен дүниеге келмеген сәбилердің аллергияға шалдығу қаупі басым болады. 1 258 нәрестенің ағзасын зерттеген америкалық дәрігерлер осындай қорытындыға келді

580 0

 Табиғи жолмен дүниеге келмеген сәбилердің аллергияға шалдығу қаупі басым болады. 1 258 нәрестенің ағзасын зерттеген америкалық дәрігерлер осындай қорытындыға келді. 

The Daily Mail-дың хабарлауынша, Американың Генри Форд госпиталінің дәрігері Кристин Коул Джонсон әріптестерімен бірге сәбилердің дамуын бір жыл бойы бақылаған. Нәрес­телердің кіндігі мен нәжісінің үлгілеріне талдау жасалды. Аналардың да қан, емшек сүті үлгілері мен олар тұратын үйдегі шаң мөлшері зерттелді. Сәбилерге аллергия қаупін төндіретін факторлар да есепке алынды. Зерттеу­дің нәтижесінде кесарь тілігі әдісімен туылғандар ағзасының аллергияға өзгелерге қарағанда бес есе бейім екені расталды. Мұндай сәбилерді шаң-то­заң мен жануарларға жолат­паған дұрыс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!