Қазақстанда физикадан халықаралық Олимпиада өтпек

Фотография - Қазақстанда физикадан халықаралық Олимпиада өтпек

Бұл туралы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева брифингте мәлім етті

151 0

2014 жылы Қазақстанда физикадан халықаралық Олимпиада өтетін болды, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева брифингте мәлім етті. 

"2014 жылы Астана қаласында физикадан халықаралық Олимпиада өтетін болды. Оған әлемнің 85 елінен оқушылар қатыспақ. Қазіргі таңда біз нормативті-құқықтық құжаттарды дайындаумен айналысып жатырмыз. Әр елден бес адамнан тұратын командалар қатысса, жарысты қабылдаушы ел ретінде Қазақстан атынан екі команда жасақталатын болады. Үлкен масштабтағы жарыстың біздің елде өтуі оқушыларымыздың халықаралық Олимпиадаларда көрсеткен үздік білімдерінің арқасында",-дейді Шолпан Қирабаева.

2012 жылы Қазақстан оқушылары халықаралық Олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда барлық пәндер бойынша 161 алтын, 295 күміс, 397 қола және 35 мақтау қағазын еншіледі. Олардың жалпы саны - 888.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!