11 мумия табылды

Фотография - 11 мумия табылды

Перулік археологтар 11 мумия тапты.

114 0

Перулік археологтар 11 мумия тапты. Мамандардың айтуынша, олар шамамен 700 жыл бұрын жерленген.

Қаңқалар 400 шаршы метр аумақта көлденең жатқызылып, бір-біріне жақын орналасқан. Қамыс пен матаға оралған мумиялар салт-жоралар негізінде жерленген. Қазба жұмыстарының жетекшісі Фернандо Эррера табылған жәдігерлердің құнды мәдени мұра екенін айтады. Мамандар мумиялардың үшеуі біздің заманымызға дейінгі 200 және 700-ші жылдары жерленсе, қалғандары кешірек көмілгенін анықтады.

Бұл мумиялар арнайы камераның көмегімен табылған. Археологтар бұл құрылғы арқылы әлі талай нәтижелі қазба жұмыстарын жүргізетіндеріне сенімді.


Тегтер:

мумия табылды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!