Менмендіктің мидағы жұмбағы ашылды

Фотография - Менмендіктің мидағы жұмбағы ашылды

Мидағы біртұтас қабық пен теңбіл дене адамның менмендігі, тәкаппарлығы мен дандайсуына жауап береді.

226 0

Мидағы біртұтас қабық пен теңбіл дене адамның менмендігі, тәкаппарлығы мен дандайсуына жауап береді. Өзін өзгелерден ар­тық көретін адамдардың осы құпиясын ашқан жапониялық ма­ман­дар оларды емдеуге болаты­нын айтып отыр

Жапонияның Тиба қаласындағы Радиоло­гия ұлттық институтының ма­ман­дары адам миындағы біртұтас қа­бық пен жолақты дене нейрондары өзін-өзі жоғары санау сезіміне жауапты еке­нін анықтаған. Биолог Макико Яма­даның айтуынша, бұлар ғы­лым­ға бей­мәлім қызметтер атқарады. Соның бірі – масаттану гормондарын не­ме­се до­памин молекулаларын есептеу. Мұн­дай нейрондардың аздығы адам­ды өзін-өзі асыра бағалауға итер­ме­лей­ді екен. Бұл тұжырым 24 ер адам қатысқан зерт­теу­дің нәтижесінде рас­талды. Дандайсу белгі­лері бай­қалған адамдарда допамин жасушалары аз бо­лып шықты. Бұл рецеп­торлардың көп­тігі де жақсы емес, ол адам­ның тө­мен­шіктеу сезімін дамытуы мүмкін. Сол себепті М.Ямада мидағы допамин ней­рондарын реттеу әдісімен адамды түр­лі комплекстен арылтуға бо­ла­ты­нын айта­ды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!