Марсқа саяхат жасауға лайықты ерлі-зайыптылар іздестірілуде

Фотография - Марсқа саяхат жасауға лайықты ерлі-зайыптылар іздестірілуде

Деннис Тито 500 тәулік ішінде Марсқа ұшып, қайтып келетін ерлі-зайыптыларды іздестіруде.

186 0

Мультимиллионер және бірінші ғарыштық турист Деннис Тито 500 тәулік ішінде Марсқа ұшып, қайтып келетін ерлі-зайыптыларды іздестіруде.

Құны 1 млрд долларды құрайтын Марсқа саяхат 2018 жылдың қаңтар айында басталмақшы. Ұйымдастырушылар ғарыш жолаушылары  ретінде 50 жас шамасындағы ерлі-зайыптыларды көргілері келетінін айтқан болатын. Саяхат  барысында ерлі-зайыпты жұп жабық капсуланың ішінде болады екен.

Туристері бар аспан кемесі Қызыл планетаға қонбайды. Аппарат Марсқа 100 метрлік қашықтыққа дейін ғана жақындап, сосын кері қайтпақшы.

Деннис Титоның өзі қайта Марсқа ұшудан бас тартып отыр. Естеріңізге сала кетсек, 2001 жылы  60 жасында Тито ғарышқа сапар шеккен алғашқы турист болатын. Орбитада өткізген уақытына ол 20 млн доллар төлеген екен.

Адам баласының ғарышта ең ұзақ уақыт болуы - 437 күн. Ол рекордты ресейлік ғарышкер Валерий Поляков (1994 жылдың 8 қаңтарынан, 1995 жылдың 22 наурызына дейін) жасады.


Айта кету керек, 2001 жылғы 28 сәуір – 6 мамыр аралығында әлемдегі тұңғыш ғарыштық турист – АҚШ азаматы Денис Титомен (әлемдік біріншілік) және Ю. Батуринмен бірге  «Союз ТМ-32» кемесінің командирі ретінде қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев  ұшты


Тегтер:

Марс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!