Ескі доңғалақтан – жаңа өнім

Фотография - Ескі доңғалақтан – жаңа өнім

 Қалдықсыз технологиямен жұмыс істеу – бүгінгі күннің басты талабы.

147 0

 Қалдықсыз технологиямен жұмыс істеу – бүгінгі күннің басты талабы. Қай салада болмасын қоршаған ортаға залалын тигізетін қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату барысында көптеген істер қолға алынуда. Соның бірі жуырда Тараз қаласында жүзеге аспақ

Тозған автокөлік дөңгелектерінің резеңкелерін қайта өңдеп қана қоймай одан гранулят резеңке­сін алу, активті резеңке ұнтағы мен жер суландыру трубаларын өндіретін кешенді кәсіпорын салу туралы инновациялық жоба іске асқалы тұр.

Ілкімді жобаны «Тараз» әлеуметтік-өндірістік корпорациясы және «Казкаучук» компаниясы қолға алмақ. Бұл өңірде бұрын-соңды болмаған керемет жобалар­дың бірі де бірегейі де осы болмақ. Жоспарланып отырған кәсіпорынның алғашқы жылдағы қуаты – 487 тонна ак­тив­ті резеңке ұнтағы, 180 тонна резеңке ұнтағы және 2 592 мың метр жер сулан­ды­ратын құбыр. Өндіріс орнын Тараз қала­сында көктемнің алғашқы айында жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның жалпы құны 448,36 миллион теңгені құрайды. Бұл перспективалық жоба аймаққа оң әлеу­мет­тік-экономикалық әсер етеді, өйткені ол автокөлік дөңгелектерінің тозған резеңкелерін өндеп экология мәселесін шешумен қатар, неміс инновациялық тәсі­лімен өндіретін жаңа өнімдер шығаратын болады. Қазіргі уақытта жобаның қар­жы­лық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Атал­мыш жобаға инвесторлар тарту мақсатын­да керекті құжаттамалар дайындалу үстінде. Қазіргі уақытта жоба «КазАгро» ҰБХ» АҚ-на ұсынылды. Бұрын автокөліктің ескі доңғалақтары кез келген жерде әсі­ресе көлік жөндеу орталықтарында тау болып үйіліп жататын. Жеке тұрғын үйде тұратындар моншаларын қыздыру үшін жағып, айналаны қара түтінге орайтын. Енді мұндай ушыққан мәселе болмайды. Ескі доңғалақтар жаңаша өңделіп, кәдеге асатын болады.


Тегтер:

зауыт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!