Қостанай облысында тас дәуіріне тиесілі жәдігер табылды

Фотография - Қостанай облысында тас дәуіріне тиесілі жәдігер табылды

Қостанай облыстық өлкетану мұражайына бірегей жәдігер тапсырылды

217 0

Қостанай облыстық өлкетану мұражайына бірегей жәдігер тапсырылды. Тас дәуіріне жататын құнды құралды Федоров ауданы, Белояровка кентінің тұрғыны қазба жұмыстары кезінде тауып алған.

Алып бұғының мүйізінен жасалған құрал өңірдегі үй өзенінің жағасынан табылған. Бұйымның ұзындығы 420 милиметр, ені 63, ал қалыңдығы 17 мм. Үшкір құрал пышақ, болжам бойынша суық қару ретінде қолданылған болуы мүмкін. Алып бұғылар біздің дәуірімізге дейін 400 мың жыл бұрын Орта Азияны мекендеген. Қостанай облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері алдағы уақытта құрал табылған жерде арнайы экспедиция ұйымдастырмақ. Сол кезде құрал туралы көбірек мағлұмат жинауды көздеп отыр.

Бұл бұрын-соңды біздің өңірде кездеспеген мүйізден жасалған бірегей дүние. Тіпті, оның қай дәуірде қолданылғаны да белгісіз. Бірақ, біздің болжам бойынша мезолит, неолит дәуіріне жататын секілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!